Астана әкімі бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдануымен құттықтады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Жаңа белес - 2015» студенттер қатарына қабылдауға арналған іс-шараға қатысты.

Мерекелік іс-шараға елорданың барлық ЖОО бірінші курс студенттері қатысты, деп жазады astana.kz . Жыл сайын олардың қатарына Қазақстанның барлық мектептерінің мыңдаған түлектері қосылады. Биыл елорданың жоғары оқу орындарына 12 208 студент түскен, оның 6004 студенті - өзге өңірлердің өкілдері.

Биылғы жылы белсенді, шығармашыл, талантты және жарқын жастар өкілдері студенттер қатарын толықтырды. Студенттік өмірдің алғашқы күнінен-ақ олардың бойына елорданың әлеуметтік-мәдени қызығушылығын дарыту, жоғары оқу орындарының студенттерімен достық байланыс орнатуға ықпал ету маңызды.

Бірінші курстықтарды құттықтай отырып, Ә.Жақсыбеков Елбасы саясатының арқасында бүгінгі таңда елімізде ең сапалы және қолжетімді білім алу үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

- Мемлекет Елбасымыздың саясатының арқасында жастардың бүгінгі күні кез келген білімді алуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Біздің қаламыз осы білімдердің орталығы болып табылады. Астанада жақсы оқып, әрі қоғамдық, саяси, мәдени және спорттық өмірдің қайнаған ортасында жүруге болады. Сіздер жақсы білім алып, қаламыздың дамуына, еліміздің дамуына үлкен үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздерді құттықтаймын, бүкіл студенттік жылдарыңызға табыс және жақсы көңіл-күй тілеймін,- деді елорда әкімі.

Студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты рәсім аясында жоғары оқу орындары белсенділерінің шеруі өтті, оған елорданың жоғары оқу орындарының ең үздік студенттері қатысты. Іріктеу кезінде бірінші курстықтардың тек университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне қатысуы ғана емес, сондай-ақ қалалық іс-шараларға белсенді қатысуы да ескерілді. Бұл күні олар өздерінің атаулы студенттік билеттерін алды.

Қала әкімінің қолынан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті, Жамбыл оқуларының жүлделі орынының иегері, ағылшын тілі бойынша республикалық ғылыми жұмыстардың жеңімпазы, математика және химия пәндері бойынша олимпиада жүлдегері, «Алтын белгі» иегері Әділет Шымбаев пен Назарбаев университетінің студенті, өткен жылы математикадан өткен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері, Назарбаев Университет Америка химиялық инженерлер институты студенттер секциясының (AIChE NU SC) басқарма мүшесі Алтын Желамбаева билеттерін бірінші болып алды.

Бірінші курстықтардың дәстүрлі вальсі қазіргі заманғы билерге ұласты. Еліміздің белгілі музыкалық ұжымдары мен жаңадан бастап жатқан студенттер жобалары, «Жайдармен» КТК командалары, танымал ди-джейлер желілері кешті одан әрі есте қаларлықтай етті.

Соңғы жаңалықтар