Астана әкімдігінің басшылығы 10 күн бойы халыққа есеп береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қала әкімінің орынбасарлары мен аудандар әкімдері халық алдында есеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігі басшылығының тұрғындармен кездесулері 21-31 қаңтар аралығында қаланың ашық алаңдарында өтеді.

«Тұрғындар шараға өз ниетімен қатысып, қаланы дамытудың барлық бағыттары бойынша ұсыныстары мен кеңестерін білдіре алады. Халық алдында есепті Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері береді. Сонымен қатар, 11-15 ақпан аралығында қала активі елорда әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Есеп беру кездесулерінің кестесін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан көруге болады.

Соңғы жаңалықтар