Астана әкімдігі жылудың қашан берілетінін хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде елордада 2018-2019 жылғы жылыту маусымына дайындықтың қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Астана қаласы энергия кешенінің 2018-2019 жылдарғы жылыту маусымына дайындығы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Отын қоры: көмір - 238 714 тонна, соның ішінде: 1-ЖЭО-да - 27 842 тонна және 2-ЖЭО-да - 210 872 тонна. Мазут - 6 106 тонна», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

2018 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша нысандардың дайындығы:

Тұрғын үй қоры - 93,6 пайыз (2 414 үйдің 2 261 үйі дайын);

Денсаулық сақтау нысандары - 94,4 пайыз (36 нысанның 34-і);

Білім беру нысандары - 98,8 пайыз (168 нысанның 166-ы);

Мәдениет нысандары - 100 пайыз (13 нысанның 13-і).

«ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына сәйкес, бес тәулік бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан да төмен болған жағдайда қалалық жергілікті атқарушы органының жылу беру маусымын бастау жөнінде шешімі қабылданады», - дейді Эльвира Жүргенбаева.

Соңғы жаңалықтар