Астана әкімдігі жар салған 10 туристік жобаның қазіргі күйі қандай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 2025 жылға дейін елордаға туристерді көптеп тартатын 10 жобаны іске асыратынын жариялаған болатын. Арада өткен 4 жылдың ішінде сол 10 жобаның тек біреуінің ғана сызбасы дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әңгіме «Бозоқ» ұлттық паркі туралы болып отыр.

ҚазАқпараттың сауалына жолдаған жауапта қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған нысанның Есіл ауданына қарасты Ильинка тұрғын үй массивінің солтүстік жағында бой көтеретінін жеткізген.

Жобаның бірінші кезеңдегі сызбасы мамыр айында бекітіліпті. Құрылыс түсетін алаңның жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық.

Басқарма мамандары сауалда аты аталған қалған нысандар туралы қандай да бір мәлімет ұсынбады. Соның бірі - 300 адамға шақталған планетарий құрылысы болатын.

«Жалпы 2025 жылға дейін астанаға келетін туристердің санын 800 мыңнан асыру жоспарланған. ҚР Үкіметінің 2021 жылдың 12 қазанындағы №728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік дамытудың ұлтты жобасы аясында ішкі және сырттан келетін туристердің санын арттыру көзделген. Нұр-Сұлтан қаласы үшін 2025 жылға дейін ішкі туристердің санын 587 мыңға, сырттан келетін туристердің санын 263,48 мыңға жеткізу межесі қойылып отыр. Бүгінгі таңда осы көрсеткішке қол жеткізу үшін турист тарту жұмыстары жүріп жатыр», - деп жазылған жауапта.

Бұған дейін аталған «Бозоқ» ұлттық паркін салуға тағы 46 млн теңге қажеттігі хабарланған еді.




Фото: www.facebook.com/Gharysh

Соңғы жаңалықтар