Астана әкімдігі сайлау учаскелері туралы мәліметтер алуға болатын Байланыс орталығын құрды

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Алдағы жылдың 15-16 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісіне және жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтеді.

Осы орайда, Астана қаласының әкімдігі тұрғындар үшін сайлау учаскелері туралы ақпараттар алуға болатын Байланыс орталығын құрды.

Сайлаушылардың тізімін нақтылау мақсатында сондай-ақ, қала тұрғындарының қосымша сұрақтары үшін құрылған Байланыс орталығының телефон нөмірі (7172)55 75 75. Ақпараттық қызмет күнделікті таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері - 10.00-ден 20.00-ге дейін.

Операторларға қоңырау шалу арқылы сайлаушылар қай сайлау учаскесіне қарайтындығын оңай және жылдам анықтай алады сондай-ақ, «Сайлау учаскесін іздеу» электронды қызметі арқылы оның байланыс мәліметтерін сұрата алады. Сұратылған ақпарат табылмаған, не қате болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мекен-жай туралы мәліметтерді анықтау қажет.

Онымен бірге, елордалықтар сайлау учаскелерінің шекаралары мен олардың орналасқан мекен-жайларын электронды картадан көре алады: maps.astana.kz/election.htm .

Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылуы тиіс құжаттар: жеке басты куәландыратын құжат және үй кітапшасының түпнұсқасы.

Соңғы жаңалықтар