Астана әкімдігі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйдің неге сүрілгенін түсіндірді

2022 жылғы 8 ақпан, 23:07
Астана әкімдігі құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйдің неге сүрілгенін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «сақалды» құрылыстың сүрілгені туралы видеғоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс деп танылғандықтан оны сүріп тастау бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Ғимарат құрылыс ережелерін бұза отырып салынған еске саламыз. Оның үстіне ұзақ уақыт бойы шала салынған күйі тұрғандықтан, нысанның қаңқасы да бүлінген. Ғимарат орналасқан жер телімі инвестордың қарауында екенін айта кету керек», - деп түсініктеме берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аталмыш нысанның құлатылған сәтінен видео тараған болатын.


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar