Астана әкімдігі 8 наурызда аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, кешелі бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Халықаралық Әйелдер күніне орай елордадағы көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпарат тараған болатын. Тараған ақпаратттарға сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «І және ІІ дәрежелі» «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға ақша берілетіні туралы, ол қаражатты алу үшін «Қазпоштаға» 20 ақпанға дейін құжат өткізілуі тиіс деген сыңайда хабарлама шыққан еді.

Бұл хабарламаның рас-өтірігін тексеру мақсатында ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады.

Соңғы жаңалықтар