Астана афишасы: Турандот операсының тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы 18-24 маусым күндері өтетін мәдени-спорттық шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18-30 маусым аралығында Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме өтеді: «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, Астана қаласының жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрме, суретші Өмірбек Тілеулиевтің жеке көркемсурет көрмесі, С. Мүсіреповтің «Жаңа бастау» атты жеке көрмесі, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған фотокөрме, «Егемен Қазақстан рәміздері» көрмесі, «Жастар - Астана болашағы» атты Астана қаласының жастарымен бірлескен көрме.

18-24 маусым күндері 14:00-18:00 аралығында «Астаналық», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Саябақтың жеті кереметі» атты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

18 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалінің аясында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясын көрсетеді. Басталуы 19:00-де.

19 маусым күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында алматылық М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры А. Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасын ұсынады. Басталуы 19:00-де.

20 маусым күні «Жастар сарайында» таңғы сағат 10:00-де бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Сондай-ақ, бұл күні 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалінің аясында М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры Ғ. Есімнің «Таңсұлу» қойылымын көрермен назарына ұсынбақ.

Бұл уақытта М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ш. Айтматовтың «Қызыл алма» мелодрамасының тұсаукесері басталады.

21 маусым күні 10:00-де «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық Ғарыш орталығы аумағында «Кометалар және су - аспаннан қарағанда» атты ғарыш тақырыбындағы көрме ашылады. Көрме 26 қыркүйекке дейін жалғасады.

Кешкі 19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында алматылық М. Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры И. Сапарбайдың «Сыған серенадасын» көрсетеді.

22-24 маусым күндері 11:00-де «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Баскетболдан «CABA Quest stop 3х3» халықаралық турнирі өтеді.

22-27 маусым күндері «Жас батыр» спорт кешенінде Садақ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты ұйымдастырылады. Басталуы: 11:00-де.

22 маусым күні 18:00-де «Астана» концерт залының жазғы алаңында «Астанаға-20 жыл» циклінен үрмелі оркестрдің концерті басталады.

Сонымен бірге, 22 маусым күні 19:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында ұлыбританиялық «1927» театры Сюэейн Андрейд пен Джо Кроулидің «Голем» қойылымын көрсетеді.

Бұл уақытта «Астана Опера» театрының үлкен залында Дж. Пуччинидің «Турандот», операсы қойылады.

23-24 маусым күндері 11:00-де «Дәулет» спорт кешенінде Теннистен «Жасыл доп» балалар турнирі өтеді.

23-25 маусым күндері Соқпақ жол торабы» веложолында, «Алаш» тас жолында және «Астана Арена» стадионында Велоспорттан жасөспірімдер арасындағы «Астана Кубогі» ХХХІ-ші Республикалық көпкүндік жарысы өтеді. Басталуы 10:00-де.

23 маусым күні 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С. Шүкіров пен Қ. Ешмұратованың «Қуыршақ думан» театрландырылған концерттік бағдарламасы басталады.

23-24 маусым күндері Қуыршақ театрында А. Салаеваның «Сиқырлы сөздер» ертегісі қойылады. Басталуы 12:00-де және 14:00-де.

23 маусым күні «Астана» концерт залының жазғы сахнасында «Шалқыма» халық би ансамблі және халық әні бөлімінің жеке орындаушыларының «Астанаға-20 жыл» циклінен концерті беріледі. Басталуы 17:00-де.

Бұл күні 18:00-де «Астана Опера» театрының үлкен залында Дж. Пуччинидің «Турандот», операсы қойылады.

19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Алматы қаласының қуыршақтар театры А. Ионовтың «Ана жүрегі» драмасын ұсынады.

24 маусым күні таңғы 8:00-де Мұстафа Кемаль Ататүрік даңғылында Драг-рейсингтен Астана қаласының кубогы басталады.

9:00-де «Жастар» сарайында «В ритме лета» атты көп жанрлы балалар байқауы өтеді.

10:00-де «Астана- Байтерек» монументінде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана-дуатлон 2018» спорттық шарасы басталады.

10:00-де Тәуелсіздік сарайында «SDANCE КУБОГІ» cпорттық бал билерінен ашық қалалық турнирі өтеді.

19:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалінің аясында Санкт-Петербург қаласынан келген Ленсовет академиялық театры А. П. Чеховтың «Дядя Ваня» қойылымын көрсетеді.

20:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Дос-Мұқасан» тобының 50 жылдығына арналған концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар