Астана афишасы: Мереке күндері қандай шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы 4-10 наурыз күндері елордада өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4-10 наурызда сағат 10.00-18.00 аралығында Тәуелсіздік сарайында төмендегі көрмелер жалғасады: «Ақанаевтар әулеті» жеке көрмесі; «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі; С. Махамбетовтің «Тау және дала балладасы» атты жеке көрмесі; Ағаштан жасалған заманауи нэцкэ» жапон көрмесі; Халықаралық әйелдер күніне арналған «Гүлдің нәрі» көрмесі және «Антиквариат» көрмесі.

Сондай-ақ, бұл күндері «Жастар» сарайында Бал көрмесі ұйымдастырылады.

4-7 наурыз аралығында сағат 9.00-де «Дәулет» спорт комбинатында Теннистен ересектер арасында ҚР қысқы Чемпионаты өтеді.

4-15 наурыз аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында Шахматтан командалық әлем чемпионаты болады.

4 наурыз күні сағат 19.00-де «Астана» концерт залында «Салтанат» мемлекеттік академиялық би ансамбльнің концерті өтеді.

5 наурыз күні сағат 10.00-де Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда «Арагерлер салауатты өмір салты үшін» атты ұранмен қала ардагерлері арасында шаңғы спортынан жарыс өтеді.

Бұл күні сағат 12.00-де №78 мектепте 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Есіл» ауданының ұйымдары арасында волейболдан жарыс өтеді.

Сағат 14.30-да «Жастар сарайында» «Аналарға арналған мереке» балаларға арналған концерттік бағдарламасы басталады.

Сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ж.Құлмамбеттің «Сен екеуіміз» атты комедиясы қойылады.

Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Классикалық, эстрадалық, халық вокалы жеке орындаушыларының, драма әртістерінің, симфониялық оркестрдің орындауындағы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған «Тақиялы періште» атты киноконцерті өтеді.

6 наурызда сағат 11.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Т. Теменовтің «Ырылдақ күшік» ертегісі қойылады.

Бұл уақытта «Үміт» дағдарыс орталығында «Сарыарка» халық музыка ансамблі, «Классикалық және эстрадалық вокал» бөлімі, Эстрада би ансамблінің зорлық-зомбылық немесе зорлық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдар үшін Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған қайырымдылық концерті өтеді.

Сағат 18.30-да «Жастар сарайында» «Джаз-махаббат-көктем...» концерттік бағдарламасы басталады.

Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Үрлемелі аспаптар оркестрі және Камералық хордың 8 наурызға арналған «О чем поют мужчины» атты концерті өтеді.

Сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында Түнгі лига форматында квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік қызметкерлер және қызметшілері арасында мини футболдан «Qazaqstan qyzmet cup» басталады.

7 наурыз күні 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы көрерменге жол тартады.

8 наурыз күні 18.00-де «Жастар» сарайында «Бақтың жануы» қойылымы басталады.

Сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Р. Кунидің «Туған күн» комедиясы қойылады.

Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында «Алдараспан» театрының әзіл- сықақ кеші өтеді.

8-9 наурыз күндері Тәуелсіздік сарайында «ISMA - 2019 Менталдық арифметика бойынша Халықаралық Олимпиада» өтеді.

9 наурыз күні 11.00-де және 17.00-де «Ататүрік» мұз қалашығында «Көңілді қыс» қысқы көңілді жарыс өтеді.

Бұл күні 12.00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында А. Хайттің «День рождения Кота Леопольда» ертегісі қойылады.

Ал 18.00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында А. Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясы басталады.

Сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында « Ш. Айтматов Кызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

9-10 наурыз күндері сағат 12.00, 14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында А. Салаеваның «Жаңғырық тураы ертегісі» көрсетіледі.

10 наурыз күні сағат 10.00-де Есіл өзенінде Дрифттан (автомотоспорт) Астана қаласы Кубогының кезеңі өтеді.

Сағат 10.30-да «Жастар сарайында» Бал билері бойынша «Көктемгі тамшы» турнирі өтеді.

15.00-де «Астана Арена» стадионында Премер-Лига клубтары «Астана» ФК - «Ақтөбе» ФК арасында футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

18.00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында Л. Толстойдың «Анна Каренина» драмалық спектаклі қойылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Г.Низамидің «Ляйлі-Мәжнүн» поэмасы қойылады.

Соңғы жаңалықтар