Астана афишасы: Бүркітшілер турнирі, футбол, ақындар айтысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің сайты 15-21 қазан аралығында өтетін мәдени шаралар кестесін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғындары мен қонақтары 15-21 қазан күндері Тәуелсіздік сарайында сағат 10:00-18:00 аралығында Асқар Нұрболаттың  «Өмір» атты  жеке көркем көрмесін, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесін және Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Е.С. Асылхановтың жеке көрмесін тамашалай алады.

15-30 қазан күндері Бейбітшілік және Келісім сарайында 10:00-18:00-де «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның  естелік орындары», «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» - «КАРЛАГ: творчество в неволе» экспозициялары қойылады.

15 қазанда сағат 18:00-де Казмедиа орталығында «Newton tour» тобының концерті өтеді.

16 қазан күні сағат 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Е. Шварцтің «Күлше қыз» ертегісі, 17 қазан күні сағат 18:30-да - Р. Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиялық драмасы, 18 қазан сағат 18:30-да  -  С. Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы, 19 қазан сағат 18:30-да -  М. Байжиевтің «Тіл табыскандар» комедиясы және 21 қазан сағат 18:30-да - Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы басталады.

16 қазан күні сағат 19:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Бег времени» симфониялық музыкалық кеші, 17 қазан күні сағат 19:00-де - «Романтика по немецки» концерті, 19 қазан сағат 19:00-де - «ТҮРКСОЙ» жастар камералық қорының концерті өтеді.

Бұл күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан - Андорра командалар арасында Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының іріктеу матчы болады.

Сонымен бірге, 16 қазанда сағат 19:30-да «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрдің концерті, 17 қазан сағат 19:00-де - Халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблінің «Әсерлі ән сал домбыра» атты концерті, 20 қазан сағат 17:00-де - Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы эстрадалық би ансамблінің «Ән шырқайық, би билеп» атты концерті өтеді.

20-21 қазан күндері таңғы 10:00-де Алаш тас жолы бойындағы «Эко ауылда» Атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің Халықаралық турнирі мен Астана қаласының ашық біріншілігі өтеді.

20 қазан сағат 15:00-де және 21 қазан сағат 18:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Жыр арқауы - Астана» атты халықаралық ақындар айтысы басталады. 

Соңғы жаңалықтар