Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Астана афишасы: Апта ішінде қайда баруға болады

2019 жылғы 17 маусым 15:43 831
Бөлісіңіз:
 Астана афишасы: Апта ішінде қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17-23 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы

30 мамыр - 30 маусым күндері сағат 10.00-18.00 аралығында «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі өтеді.

10 маусым мен 2 шілде күндері сағат 10.00-18.00 аралығында «Astana Art  show» жастарының  заманауи өнер көрмесі қойылады.

10 маусым - 10 тамыз күндері сағат 10.00-18.00-де «Алғашқы байланыс» заманауи өнер көрмесін тамашалауға болады.

Жастар сарайы

17-21 маусым күндері 10.00-18.00 аралығында Көп балалы аналарға арналған шағын халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылады.

Бейбітшілік және келісім сарайы

18 масым күні сағат 11.00-де В. Орловтың «Алтын балапан» ертегісі қойылады.

19 масым күні сағат 11.00-де А.Анатольеваның «Снежная королева» ертегісін тамашалауға болады.

21 маусым күні сағат 11.00-де С. Астраханцевтің «Братец Лис и Братец Кролик» ертегісі ұсынылады.

«Астана» концерт залы

18 маусым күні сағат 18.00-де Атырау музыкалық колледжінің «Шаттық Отаны» атты есеп беру концерті өтеді.

19 маусым күні сағат 11.00-де «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің концерттік маусымының жабылуы және Қыздарбек Төребайұлының шығармашылығына арналған «Сылқым қыз» концерті өтеді.

 

«Астана Опера»  МОБТ

19 маусым күні сағат 19.00-де «Астана Опера»  МОБТ камералық залында  А. Аданның «Жизель»  2 актілі балеті қойылады.

20 маусым күні сағат 19.00-де «Астана Опера»  МОБТ камералық залында «Квинтет және одан да көп камералық музыка концерті өтеді.

22 маусым күні сағат 18.00-де «Астана Опера»  МОБТ үлкен залында А. Жұбанов пен Л. Хамидидің  «Абай» атты 4 бөлімді операсы қойылады.

Жастар театры

19 маусым күні сағат 11.00-де А. Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» ертегісі қойылады.

20 маусым күні сағат 16.00-де С. Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театраландырылған концерттік бағдарламасы қойылады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT