Астана афишасы: Апта ішінде қайда баруға болады
12-30 қараша күндері сағат 10.00-18.00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «Астана - жастар болашағы» елордалық Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі мен «Ақанаевтар династиясының» жеке көрмесі өтеді.
12 қараша күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр мемлекеттік академиялық театры әзірлеген «Астана» спектаклі көрсетіледі.
14 қарашада сағат 19:30-да «Барыс Аренада» ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК - «Амур» ХК командалары арасында кездесу өтеді.
14-15 қараша күндері Тәуелсіздік сарайында сағат 19:00-де «Сән мен сахна» халықаралық фестивалі өтеді.
14-19 қараша күндері сағат 10:00-де «Сарыарқа» велотрегінде велотрек бойынша ҚР ұлттық чемпионаты өтеді.
15 қараша күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Халық әртісі Роза Бағланованы еске алуға арналған «Сағындым, апа, даусыңды» атты концерт басталады.
Бұл күні 21:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Латвия футбол құрамалары арасында УЕФА ұлттық лигасының футболдан іріктеу матчы өтеді.
15-16 қараша күндері сағат 11:00-де «Алау» мұз айдынында «2018-2019 жж. көпсайыс бойынша қысқы маусымның ашылуы» конькимен жүгіру спортынан жарыс өтеді.
16 қараша күні сағат 19:30-да КХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК - «Динамо» ХК (Мәскеу) командалары арасында матч өтеді.
Сонымен бірге, 20:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Ж. Жабаев атындағы концерт залында оңтүстіккореялық композитор және пианиношы Shin Jiho концерт қояды.
16-17 қараша күндері сағат 10:00-де «Думан» СОО көркем гимнастикадан Астана чемпионаты өтеді.
17 қарашада сағат 19:00-де Конгресс-ситиде ресейлік эстрада жұлдызы Иван Дорнның концерті өтеді.
18 қараша күні сағат 17:00-де «Барыс Аренада» КХЛ чемпионаты аясында «Барыс» ХК - «Салават Юлаев» ХК командалары ойнайды.