«Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды
«Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Астана АЭК» АҚ-ның қаражатын алаяқтық жолымен жымқыру фактісі бойынша АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Компанияның басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ оған бағынысты – Сарыарқа АЭК басшысы және АҚ-ның сату бөлімінің басшысы, 2020 жылы заңды тұлғалардың шығын ретінде есептен шығарылған электр энергиясын нақты тұтыну көлемін азайту арқылы АҚ-ның 50 миллион теңгеден астам сомасын жымқырғанын анықталды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, заңды тұлғалардың тұтынған электр қуаты үшін АҚ-ға төленетін қаражаттың 100-ының 30-ын АҚ-ның лауазымды тұлғалары пара ретінде иемденген. 50 пайызын шығын ретінде есептен шығарған. Ал қалған 20 пайызы АҚ-ға төленген. Осылайша, АҚ заңды тұлғалар тұтынған электр қуаты үшін төлемнің 80 пайызын алған жоқ.
«Акционерлік қоғам басқармасы төрағасының орынбасары және сату бөлімінің басшысы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабымен ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижесі бойынша қабылданады. Тергеу мүдделеріне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», - деді ол.