«Astana-Acca Due O» әйелдер велокомандасы Вьетнамда алғашқы жарысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Въетнамда 28 ақпанда тоғыз күндік Biwase Cup жарысы басталды, оған 5 қазақстандық велошабандоз ару қатысты. Айта кетейік, бұл қазақстандық қыздар командасының алғашқы жарысы.

Бұл туралы sports.kz. хабарлады.

Biwase Cup-та бақ сынап жатқан «Astana-Acca Due O» құрамында: Маржан Байтілеуова, Фаина Потапова, Наталья Сайфутдинова, Махаббат Үмітжанова және Екатерина Юрайтис бар. Жарыстағы спорт директоры - Александр Килибаев.

«Жарыс UCI күнтізбесінде жоқтығына қарамастан, Biwase Cup Азиядағы маңызды дода саналады.

Бірінші кезеңде - жалпы ұзындығы 54 шақырым 10 айналма жарыста Наталья Сайфутдинова бесінші болып келді, Маржан Байтілеуова жетінші орында жайғасты.

Соңғы жаңалықтар