Ассамблеяның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның шымылдығын ашқан Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әділханов ұйымның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі туралы баяндама жасады.

«Биыл отанымыздың тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасының көреген саясатының арқасында көп этносты, көп конфессиялы Қазақстан татулық пен келісімде өмір сүру моделін таңдады. Тарихи тұрғыдан қысқа болып көрінсе де, жас мемлекет тарихы үшін мүлде маңызды кезеңде жасалған таңдау өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы барлық этностардың мүддесін қорғауға қабілетті қоғамдық институт құру туралы тапсырма берген болатын. Осылайша 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Ассамблея мен оның мүшелері еліміздің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосып отыр. Мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктерін мақтан ете аламыз», - деді Ассамблея төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ол ғылыми-сараптамалық кеңестің ұлтты ұыстырудағы еңбгеніе тоқталды.

«Ауқымды іске ассамблеяның белсенді мүшелері де үлес қосуда. Соның ішінде ғылыми-сараптамалық кеңес те көптеген жылдар бойы өнімді жұмыс істеп, түрлі зерттеулер өткізіп келеді. Кеңес қалыптастырған материалдың бәрі сұранысқа ие. Сондай-ақ, ол Қазақстан халқы ассамблеясы, оның ішінде ғылыми-сараптамалық кеңес те тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуына үлес қоса береді», - деді Марат Әділханов.



Соңғы жаңалықтар