Ассамблеяның 25 жылдығы қарсаңында көп жұмыс жасалуы керек - БҚО өкілдері

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ассамблеяның 25 жылдығы қарсаңында көп жұмыс жасалуы керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясына өңірден қатысып қайтқан делегаттар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында айтылғанындай, сессияда сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың бірегей үлгісіне айналғанын атап өтті.

Міне, он екі жыл бойы ҚХА-дан сайланған 9 депутат Мәжілісте еліміздің дамуына, келісім мен ынтымақтың орныға түсуіне өз үлестерін қосып келеді.

«Алдағы жылы Ассамблеяға 25 жыл толады. Ширек ғасыр аз уақыт емес. Міне, осы мереке қарсаңында көп қырлы, кең ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», деді шараны жүргізген БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.
null

Сондай-ақ сессияға барып келген «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Мақсот Берген ел бірлігін арттыру бағытындағы өз ой-толғамдарымен бөлісті.

«Біз, ең бастысы, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Еліміздің мықтылығы - осы береке-бірліктің, ырыс-ынтымақтың арқасы. Бұл бағытта елімізде барлық жағдай жасалған. Соның жарқын мысалын Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасынан көріп келдік. Жұмысқа жағдай жасалғаны сондай, көруге көз тоймайды екен. Тазалығы қандай десеңші, көшелері де керемет. Біз шетелге барып, қаржымызды жойғанша, осындай сапалы өз өнімдерімізді неге тұтынбасқа, өз мүмкіндіктерімізді толық неге пайдаланбасқа! Қазақстанның әр өңірін, әр ауылын осылай гүлдендіруге болады», деді Мақсот Берген.
null

Сессияға қатысқан облыс жастарының өкілдері Элгун Джаналиев, Ильяр Муталипов және Сәкен Мұса Жастар жылында өздеріне жүктелген жауапкершілік жүгі мол екендігін айтты.

«Бізге еліміз не береді емес, біз елге не береміз? деп ойлануымыз керек. Сондықтар барлық жастарымыз елдің дамуына өз үлесін қосуы керек, біз де өз күш-жігерімізді, білімімізді осындай биік мақсат жолында жұмсаймыз», деді жастар.

Соңғы жаңалықтар