Ассамблея өндіріс пен кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді жалғастырады - Жансейіт Түймебаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстандағы Целюлоза-қағаз өнеркәсібі мен қаптау индустриясының дамуы» республикалық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған.

«Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - қағаз-картон өнімдерін алатын технологиялық процестер бірігетін орман кешенінің көшбасшы салаларының бірі. Алайда, еліміздегі орман секторының экономикалық әлеуеті өзгеріссіз қалып отыр. Себебі, орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу инфрақұрылымы дамымаған, өндірістік қор тозған. Экономикадағы орман секторының дамуын анықтауда целлюлоза-қағаз саласы маңызды рөл атқарады. Целлюлоза-қағаз комбинаттары өндірістік айналымға ағаш сүректерін салады да, жоғары құн қосылған өнімді шығарады», - деді ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев форум ашылуында.null

Оның айтуынша, қағаз өндіру мен қағаз өнімдері саласында 300-ге жуық өнеркәсіп жұмыс істейді. Бұл саладағы экономика жылдан-жылға артып келеді.

2018 жылғы өндіріс көлемі 2017 жылғы көрсеткіштен 5% көбейіп, 58 млрд теңгеден асқан.

«Қаптамаға келсек, ол - тауардың беткеұстары. Қаптама тартымды болса, оны сатып алушылар да көбейеді. Көптеген жағдайда сатып алушылар тауарды қажеттіліктен емес, қызыққаннан алады. Жақсы қаптама 5 секундтық жарнаманың рөлін атқарады. Осылайша, тауар қаптамасы маркетингтің тиімді құралы болып отыр. Сондықтан аталған екі салаға мемлекеттік қолдау көрсету экспорт әлеуетін арттыру үшін де маңызды. Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта да өндіріске, кәсіпкерлікке және экономикаға қолдау көрсетуге дайын», - деді Жансейіт Түймебаев.

null null null

Соңғы жаңалықтар