Ассамблея «Қазақстан халқына» қоры жұмысына белсене қатысады – Марат Әзілханов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқына» қорының қызметіне белсене атсалысады. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының халыққа таяудағы үндеуі ел дамуына жаңа серпін беріп отыр. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге жасаймыз. Соңғы күндері ел тағдырына қатысты жүйелі шешімдер қабылданып жатыр. Соның ішінде халық мүддесі үшін құрылып отырған «Қазақстан халқына» қорын айтуға болады. Қордың мақсаты ақша жинау ғана емес, әр азаматтың әлеуметтік жауапты болу керектігін көздейді. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы қор жұмысына белсене қатысады. Біз Президент көтерген бастамаларды толық қолдаймыз. Және оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосамыз», - деді Марат Әзілханов.

Сондай-ақ төраға орынбасары халық арасында «Қазақстан халқына» қоры қызметіне қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты.

«25 қаңтардан бастап Ассамблея мүшелерінің қатысуымен еліміздегі барлық «Достық» үйлерінде қор жұмысына қатысты шаралар өтеді. Оның ішінде меценаттармен де кездесулер өткізу жоспары бар. Қор халық игілігі үшін құрылып отыр, сондықтан оның жұмысын ілгерілетуге әр азамат үлесін қосқан жөн», - дейді ол.

Бұған дейін Марат Әзілханов елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстандағы этнос өкілдері қатыспағанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар