+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Аспирин дәрісін күн сайын ішуге болмайды - Алмаз Шарман

2021 жылғы 13 қазан 16:43
Бөлісіңіз:
Аспирин дәрісін күн сайын ішуге болмайды - Алмаз Шарман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман аспирин дәрісін неге күн сайын қолдануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Уақытша ашылған 103 инфекциялық стационар жабылды - министр Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

Белгілі ғалым Алмаз Шарман өзінің Facebook-тегі парақшасында АҚШ-тың (US Preventive Services Task Force) профилактикалық медицина жедел тобы зерттеулерінің нәтижелері туралы жазды. Олар төмен дозалы (81-100 мг) аспиринді күнделікті қабылдаудан бас тартуды ұсынды. Бұл - жүрек ауруы мен колоректалды рактың бастапқы профилактикасы үшін қажет.

«Зерттеу тобы аспирин қабылдаудан қан кету қаупі жоғарылайды деген шешімге келді. Аспирин қабылдаған адамдар пайдасы мен тәуекелін өлшеу үшін дәрігерлермен кеңесу керек. Ацетилсалицил қышқылы (Aspirin) және clopidogrel (Plavix) сияқты антиагреганттық препараттарды қабылдаудан қан кету қаупі жоғары, бұл азиялықтардың, атап айтқанда корейлер мен жапондардың генетикалық ерекшеліктеріне байланысты, бұл антиагреганттық препараттардың ассимиляциясында (метаболизденуінде)» - деп жазды Алмаз Шарман.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT