АСПХК Бас Ассамблеясының «Азияны жаңарту» тақырыбындағы жиыны басталды

None
None
күйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы Бас Ассамблеясының 5-ші жиыны өз жұмысын бастады. АСПХК Бас Ассамблеясының бүгінгі отырысы  «Азияны жаңарту» тақырыбына арналып отыр,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күнге жалғасатын жиын аясында үш секция бойынша талқылау өтіп, онда «Әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеруде саяси партиялардың рөлі», «Әйелдердің саясаттағы рөлі», «Жаңа саяси көшбасшылар рөлі» тақырыптарын қамтитын болады. Ал алқалы басқосу соңына қарай АСПХК 5-ші жиынының қорытынды құжаты «Азияны жаңарту» атты Астаналық декларация қабылданады деп күтілуде.

Жиынға 40 елдің 78 саяси партия өкілдері, 28 дипломатиялық өкілдік басшылары, интеграциялық институттар мен қор жетекшілері қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, АСПХК Бас Ассамблеясы ек іжылда бір рет өткізіледі.  Астанадағы жиын «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен өтуде.

Соңғы жаңалықтар