Аспантау асқан үркін көш: Годфри Лайастың кітабы қазақ және орыс тілдерінде шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағылшын авторы Годфри Лайастың қазақ және орыс тілдеріне аударылған «Аспантау асқан үркін көш» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітаптың тең авторы Бақытжан Бұқарбай айтуынша, онда 70 жыл бұрынғы Қытай жеріндегі қазақтардың тағдыры атап айтқанда, 20 мың қазақ отбасының Шыңжаң аумағынан Кашмир арқылы Түркияға көшкені туралы айтылған.

Қазақстандық баспагер бұл кітапты интернеттен тауып алған.

«Мен интернеттен ағылшын авторы Годфри Лайастың 1956 жылы жазылған кітабын тауып алдым. Кітапта Шыңжаң қазақтарының ата жұртына қытай коммунистерінің басып кіргені, оларға қарсы қазақтардың көтерілгені туралы баяндалған. Кітаптың атауы «Kazak Exodus», яғни қазақтардың үдере көшуі дегенді білдіреді. Кітапты оқыған соң, әлі де көп нәрседен бейхабар екендігімізді, бұл кітапты қазақтар оқуы керек екенін түсіндім. Кітап авторы Ыстанбұлдағы қазақтарға өзі барып, кездескен. Олардың естеліктерін жазып алған. Бір жылдан соң кітап қылып басып шығарды. Жарты ғасырдан астам уақыт өткенде бұл кітап қазақ және орыс тілдерінде бізде жарық көрді», - деді ол.
null

Кітап орыс тіліне 10 күнде аударылған. Қазақ тіліне аударуға 12 күн кеткен. Тағы екі айдай уақытта көркем редакторлау жұмысы істелген.

Бақытжан Бұқарбайдың айтуынша, авторлық құқыққа рұқсат алу мүмкін болмаған. Себебі, автордың туысқандары табылмапты.

«Автордың туыстарын таппадық. Өткен ғасырдың ортасында шығарған баспа арқылы да іздеп көрдік. Бірақ бұл баспа заңды түрде тарап кеткен болып шықты. Кітапта көшіріп басылды деген белгі бар. Халықаралық норма бойынша да құқықтық меншік мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан бұл адамзаттың мұрасы десек болады», - деді баспагер.
null

Саясаттанушы Айдос Сарым ағылшын тарихшысы британ барлаушысы болуы мүмкін деп пайымдады.

«Ол британ тыңшысы болуы да мүмкін. Біздегі Жаңалық ауылында (Алматыға жақын ауыл -авт.) Шыңжаңнан қашып келген 5 мың адам жерленген. Олардың арасында 36 мемлекеттің азаматтары бар.
null

Айталық АҚШ, Бразилия, тағы басқа елдердің. Шыңжаңда үш елдің: Кеңес одағының, Қытай, Британия елінің аэродромы болған. Бір жағынан, бұл азамат қазақтың тарихы мен салт дәстүрін барынша құрметпен, ынтамен зерттеген. Шыңжаңда 1949 жылға дейін мектептерде ағылшын тілі оқытылғанын білдіңіздер ме? Мен үшін бұл жаңалық болды.

Кітап тек тарихшылар үшін ғана емес, біздің жастар үшін де танымдық дүние болмақ», - деді ол.
null null

Соңғы жаңалықтар