Асланбек Жақыповтың ісі прокуратураға жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповқа қатысты іс прокуратураға жолданды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселеге қатысты аталған министрлік (Ұлттық экономика министрлігі - ред.) департаменттері бірінің басшысына қатысты жеделдетілген өндіріспен сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанымызды және оны мұнан ары сотқа жіберу үшін Прокуратураға бағыттағанымызды айта аламын. Пара сомасы 500 мың теңге», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповтың ірі көлемде пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар