Аслан Сәрінжіпов ЕҰУ факультетінің жаңа корпусында болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Еуразия ұлттық университетінің басшылығымен кездесті.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ЖОО-ның сәулет-құрылыс факультетінің жаңа корпусын аралап шықты.

Министрдің ЖОО-ға индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне байланысты келгенін атап өту керек, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.

Кездесуде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов министрдің алдында аталған мәселеге қатысты университеттің ұстанымын айтып өтті.

«Университетке академиялық еркіндікті берген жағдайда ғана біздің бар мүмкіндігіміз ашылады», - деп атап өтті ол.

Бұл ұғымға магистранттар мен докторанттар контингентін көбейту, екі дипломдық білім беруді дамыту, бірнеше тілде білім беруді дамыту, докторантурадан кейінгі бағдарламаларды ашу, диссертациялық кеңестердің санын көбейту, рейтингтік басылымдарда халықаралық жарияланым белсенділігі дәрежесін арттыру, ғалымдардың инновациялық еңбектерін енгізу және коммерцияландыру және т.б кіреді.

Соңғы жаңалықтар