+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Әскерилер тактикалық оқу-жаттығу барысында дағдыларын жетілдірді

2019 жылғы 21 шілде 10:53
Бөлісіңіз:
Әскерилер тактикалық оқу-жаттығу барысында дағдыларын жетілдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқ ату мен роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде АҚШ Қорғаныс министрлігінің қолдауымен антикризистік орталық ашылмақ ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсінік берді ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі құнды эскпонатпен толықты

Аталмыш шара роталық-тактикалық топтардың үйлесімділігінің соңғы кезеңінде өтуде. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - роталардың жауынгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскери қызметшілердің функционалдық міндеттерін орындауына баға беру, практикалық машықты шыңдау.

«Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізіп, өзара әрекет ету мәселелерін пысықтайды. Онда дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану мен бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына айрықша назар аударылады» делінген хабарламада.

Тактикалық оқу-жаттығу барысында әртүрлі қашықтықтарда нысаналарды жою, қол гранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгі көздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT