Әскерилер тактикалық оқу-жаттығу барысында дағдыларын жетілдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқ ату мен роталық-тактикалық топтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара роталық-тактикалық топтардың үйлесімділігінің соңғы кезеңінде өтуде. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - роталардың жауынгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскери қызметшілердің функционалдық міндеттерін орындауына баға беру, практикалық машықты шыңдау.

«Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізіп, өзара әрекет ету мәселелерін пысықтайды. Онда дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану мен бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына айрықша назар аударылады» делінген хабарламада.

Тактикалық оқу-жаттығу барысында әртүрлі қашықтықтарда нысаналарды жою, қол гранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгі көздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар