+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Әскерилер отбасы: Үйде де темірдей тәртіп болғанын қалаймыз

2020 жылғы 7 мамыр 15:16
Бөлісіңіз:
Әскерилер отбасы: Үйде де темірдей тәртіп болғанын қалаймыз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан әскерінің беделін арттырып, абыройын асқақтата түсуге үлесін қосып жүрген әскери қызметшілер баршылық. Солардың бірі Құрлық әскерлері Әскери институтының материалдық қамтамасыз ету басқармасының техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы — подполковник Сәкен Есов.

Офицер – армияда басты тұлға, кеңесші, ақылшы. Осы жағынан алғанда Сәкен Есов жас та болса құлшынысы мол, жігерлі офицер. Өз мамандығының майталманы.

Сәкеннің бала кезінен әскери қызметші болсам деген арманы оны әскери кадрлардың ұстаханасы Құрлық әскерлері Әскери институтына жетелеп әкелді. Білімі мен қайсар мінезінің арқасында ол курсант атанды.

«Әскери қызметші болу менің басты арманым болды. Оған оқушы кезімнен дайындалдым. Спортпен шұғылдандым. Ақыры өзім қалаған оқуға түстім. 4 жыл оқып, қолыма диплом алған соң осы жерде жұмыс істеуге қалдым. Лейтенант шенін алдым»,– деді Сәкен Есов.

Сәкен Есов қызметін взвод командирі лауазымынан бастады, кейіннен рота командирі болып тағайындалды. Қарамағындағы жеке құрамға қамқор бола білді. Әр істі әділ шешіп, намыс пен жегерін қамшылай білген кейіпкеріміздің әскери лауазымы өсіп, бөлім басшысына дейін көтерілді. Подполковник атанды.

«Біз Отан алдындағы міндетімізді мінсіз орындауымыз керек. Сол үшін өміріңді қию керек болса, одан да бас тартпауға тиістіміз. Өйткені, біздің мінсіз қызметіміз ел үшін, мемлекет үшін өте маңызды. Мен Отанның қандай бұйрығы болса орындауға әзірмін. Күні бүгінге дейін мен басшыларымның бұйрығын қалт жібермей орындап келемін. Алдағы уақытта да солай боларына кімді де болса сендіре аламын», – дейді подполковник.

Ұжымда сыйлы басшы бола білген Сәкен Есовтың жары Қарлығаш Асамбаева да Құрлық әскерлері Әскери институтында әскери қызмет атқарады. Кіші сержант Қарлығаш Асамбаева институттың оқу әдістемелік басқармасының құпия кітапханасының меңгерушісі.

«Жұбайымыз екеуміз де әскери адам болғандықтан, үйде де темірдей тәртіп болғанын қалаймыз. Екі ұлымыз бар: Дамир және Дастан. Балаларымыз сабаққа ынталы, оқу озаты, алғыр болып өсіп келеді. Біздің институттың «Жас ұрпақ» патриоттық клуб мушелері. Әскери өмірге кішкентайларынан дайын. Болашақта әкелерінің жолын қуып офицер болсақ деп армандайды. Футболды жақсы көреді. Ол біздің отбасылық сүйікті хоббиіміз. Ұлдар футбол секциясына қатысады. Демалыс күндері әкелерімен бірге футбол ойнайды», – дейді Қарлығаш Асамбаева.

Сәкеннің пікірінше, патриот адам әскери қызметінде ғана емес, барлық жерде де патриот болуы тиіс. Жалпы, халқыңа адал қызмет етсең, еңбегің еш кетпейді.

«Бәріміз де Отан алдындағы міндетті орындау парызымыз деп білеміз. Ал әскери адам үшін ол парыз ғана емес, сөзсіз міндет. Мен осыны ұқтым. Сайып келгенде, елдің патриоты болудың өзі – үлкен абырой, мақтан. Мен барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Отабастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін»,– деп түйіндеді подполковник Сәкен Есов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT