+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әскерилер коронавирус індетінен қайтыс болғандарды еске алды

2020 жылғы 13 шілде 22:00
Бөлісіңіз:
Әскерилер коронавирус індетінен қайтыс болғандарды еске алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған ешкім жоқ Алматыда КВИ жұқтырған 602 медицина қызметкері үстемақы алады Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

Бүгін, 13 шілде - Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды.


«Ұлттық аза тұту күнінде қорғаныс ведомствосының, еліміздің барлық аумақтарындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің мемлекеттік туы, дәстүр бойынша сағат 8.00-де көтерілетін Әскери-теңіз күштері кемелерінде туы төмен түсірілді. Қаза болғандарды еске алу мен құрметтеу үшін індетпен күреске бей-жай қарамайтын азаматтар қаза тұту белгісін тақты» делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері пандемияның алғашқы күнінен бастап отандастарымызға індетті және оның салдарын жоюдағы күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT