10:22, 12 Сәуір 2023 | GMT +6
Әскерилер Қазақстандағы ірі химиялық зауытта оқу-жаттығу өткізді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында орналасқан «Қазфосфат» зауытында оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының радиациялық химиялық және биологиялық қорғау батальоны Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС базасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.
Маневрлердің тактикалық мәні химия өнеркәсібі объектілерінде туындауы мүмкін қауіптер мен тәуекелдерге негізделді», - делінген министрлік ақпаратында.
Айта кетейік, «Қазфосфат» зауыты фосфаттардан түрлі өнім өндіретін елдегі ірі химиялық кәсіпорын.