Әскерилер барлық өңірлеріндегі ардагерлерді құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әскери түр мен тектерде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында халықаралық қарттар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады.

Алматы қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы мен жеке құрамы парашютті-десанттық бригада құрамында соғысқа қатыстақан 102 жастағы ардагер Александра Казанцеваның,

сондай-ақ ҰОС-ның қатысушысы, көрнекті жазушы Әбдіжамал Нүрпейісоваға және «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдандық клубтың Президенті Леонид Гришті құттықтап, жағдайларын сұрады.

Әскери қызметшілер ардагерлерге сыйлықтар сыйлады.

«Біз тек қана мереке күндері ғана емес, күнделікті негіздеде асыл қазыналарымыздың хал-жағдайларын біліп тұрамыз. Дәл ардагерлер мен қарттар бізге үлкен өмірге қадам бастырып, таусылмас білім мен тәжірибе сайылады. Оны әрдайым жадымызда сақтауымыз қажет. Біз олардың көп жылдық еңбегі мен зор қызметіне алғыс айтамыз. Мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз», – деп атап өтті Алматы қаласындағы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің бастығы полковник Амантай Үсербаев.

Сонымен қатар радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Виктор Пюро мен Елизавета Филатованы құттықтап қайтты. Майдангерлер сыйлықтар мен құттықтауларын қабыл алып, болашақ офицерлермен құштарлана әңгімелесті.

Соғыста медбике болған кіші сержант Елизавета Филатова, ұрыс даласындағы жаңбырша жауған оқтардың арасында жаралы жауынгерлерді медициналық пункттерге тасығандарын, алғашқы көмекті қалай жасағандарын баяндап берді. Аға сержант Виктор Пюро Ленинград майданындағы соғыста артеллерист болған.

Курсанттар үшін сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен ардегерлер, оларға әрдайм батылдық, қайтпас қайсарлық пен беріктіктің ерен үлгісі болатынын мақтанышпен айтады. «Қарттар күні – қарт буынға түсіністікпен, сыйластықпен қарау керек екендігін еске салады. Біз олардың алдында қарыздармыз, алайда асыл қазыналарымыздың өмірлерін нұрға және жылуға толтыру біздің қолымыздан келеді. Біз жылы сөздермен оларды қолдауға тиіспіз» – деді болашақ офицер.

«Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріде шет қалмады. Шымкент қаласындағы ұландар Сұлтанбек Төрекелді ардагерді құттықтады. Үйінің аумағына сенбілік ұйымдастырып, әңгіме-дүкен құрып, домбырада күй шертіп және де өлеңдер оқыды.

Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері мен зейнеткерлер әскери қызметшілердің бақылауында. Асыл қазыналардың хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап, қажетті көмек көрсетіп, көңіл бөліп, қамқорлық танытады. Олар үшін ең бастысы – болшақ Отан қорғаушы жас буындарға атлмыш дәстүрді көрсетіп, үлгі болу. Сол себепті осындай шараларға әскери мектептің тәрбиеленушілері мен әскери ЖОО-дың курсанттары тартылады.

Соңғы жаңалықтар