Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Әскерилер Арыс қаласында халықты қалай эвакуациялауда

2019 жылғы 24 маусым 16:22 781
Бөлісіңіз:
Әскерилер Арыс қаласында халықты қалай эвакуациялауда

АРЫС. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде әскерилердің Арыс қаласында халықты эвакуациялап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараған видеодан дәл жарылыс кезінде бір топ әскери қызметшінің құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқанын көруге болады. Әскерилер адамдарды жетелеп, оларды жолда кетіп бара жатқан кез келген көлікке отырғызып жіберуге асығады. «Алып кет әйелді, алып кет» деген дауыстар естіледі.

Адамдарды құтқару кезінде жарылыстың әлі де гүрсілдеп жатқанын көруге болады. «Гүрс» еткен жарылыстан бір сәтке жата қалып қорғанған әскерилер бірден іске кірісіп, құтқару жұмысын жалғастыруда.



Бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды. Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды.Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.  Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті. 


 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT