Әскерилер арасындағы Әлем чемпионаты: Қазақстандық екі боксшы «алтын» алды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Дамир Әбдіқадыр Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

49 келіге дейінгі салмақта «алтын» үшін Т.Жүсіпов бразилиялық боксшы Леандерсон Консейсаомен кездесті. Теміртас төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстанға турнирдегі алғашқы алтын жүлдені алып келді. Оның алдында Т.Жүсіпов Бум Сео Квакты (Оңтүстік Корея), Абеднег Макклатені (Кения) және Володя Мнацаканянды (Ресей) жеңген болатын.


Ал 52 келіге дейінгі салмақтағы Д.Әбдіқадыр финалда жастар арасындағы Ресей чемпионы Дмитрий Двалимен айқасты. Жекпе-жек төрешілердің әртүрлі шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Дамир Әбдіқадыр Қазақстан үшін екінші «алтынды» олжалады.


Айта кетейік, жоғары дәрежедегі жүлделер үшін Қазақстан құрамасынан сондай-ақ, Тимур Нұрсейітов (75 кг) және Абзал Құттыбеков (91 кг) таласатын болады.



Соңғы жаңалықтар