Әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі үйі суға кеткен ақтөбеліктерге ақша аударды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі Ақтөбедегі су тасқыны кезінде баспанасы бүлінген 13 отбасыға 4,5 миллион теңге бөліп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемгі тасқын кезінде Ақтөбеде 771 үй суға кетті. 81 үй құлап қалған. Қалалық әкімдік төбесі ортасына түскен үйлерді тізімге алып, иелеріне пәтер мен жер телімін ұсынды. Пәтерді 6 отбасы алды. Оларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» есепшот ашып, 300-500 мың теңге көлемінда ақша салынды. Пәтер алғандар алдағы үш жылда осы есепшотқа ақша жинауы тиіс. Бұл алғашқы жарна болады.  

Ал жер телімі Сазды, Қурайлы, Өрлеу, Қызылжар ауылдарынан тиді. Сонымен қатар олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден сертификат алды. 800 мың теңгесіне құрылыс материалы беріліп, 200 мың теңгесіне құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қазір мемлекет тек жер телімін беріп, қажетті қаржының бәрі «Қолғанат Ақтөбе» қорынан аударылып жатыр.  Сонымен қатар, жомарт жандар мен ұжымдар өз көмегін ұсынуда. Бүгін қалаға Инвестициялар және даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі» кәсіпорыны ұжымынан 4 миллион 500 мың теңге жетті.

«Кімге қандай көмек қажет деген сұрақпен әкімдікке жүгіндік. Олар тізімін берді. Біздің жұмысшылар көмек беру қажет екенін түсініп, әрқайсысы ақша бөлді. Ұжымда 3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Барлығы 8 филиалдың жұмысшысы өзге аймаққа көмек берді. Қалғаны Ақтөбеге қол ұшын созды», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің» РМК бас директоры Болат Халық. Ұжым баспанасы суда қалғандарға 150-ден 500 мың теңгеге дейін қаржы берді.

«Үйім тұруға келмейді. Бір ай өтсе де бағалаушылар келмеді. Осы мәселені айтқан кезде әкімдік «үлгере алмай жатырмыз» деп айтты. Содан суретін сұрады. Мен 500 мың теңге сұраған едім. Бүгін суретке қарап 300 мың теңге берді. Жер алуға арыз жазып қойдым», - деді 4 баланың анасы, оралман Салдатхан Мырзабаева.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 240 отбасыға 23 миллион теңгеден астам қаржы қолма-қол берілген. Бұл жөндеу жұмыстарына бөлінген ақша.

Соңғы жаңалықтар