Әскери ұшқыштар шабуылдан қорғану тапсырмасын орындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әуе күштерінің Су-30СМ көпфункционалды жойғыш және Су-25 шабуылдаушы ұшақтары шекараны бұзған шартты жаудың авиациясын басып алу операциясын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілетем жасап.

Әскери ұшқыштар Ресей әскери-ғарыш күштерінің Су-30 жойғыштары мен Су-34 бомбалаушы ұшақтары экипаждарымен бірлесе отырып тапсырманы орындады.

Тәжірибелік кезең екі елдің бірлескен жаттығулары аясында Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарының «Шығыс» және «Сарышаған» полигонындағы сыналды.

Сценарий бойынша 30-дан аса авиацияның майдандық ұшақ белгіленген аудандардағы әуе кеңістікті қорғайды. Шартты қарсыласты анықтаған жағдайда экипаждардың басты міндеті – оған тосқауыл қою, әуеайлаққа қонуға мәжбүрлеу еді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығулар барысында ұшқыштар басқарылатын және басқарылмайтынавиациялық зымырандар және бомбалар қолдана отырып жердегі нысандарды жоюға қатысты оқу-жаттығу тапсырмаларын пысықтады. Әскери басқару органдарының дайындық деңгейлерін тексеруге, ұшқыштардың дайындығын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, Қазақстанның әскери ұшқыштары күн сайын - жоспарланған оқу ұшуларында, сондай-ақ басқа форматтағы жаттығуларда шет елдердің ұшқыштарымен ынтымақтастықта өз шеберліктерін шыңдайды. Орташа алғанда бір жылда Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әскери-көліктік, майдандық және армия авиациясының жалпы ұшу уақыты 16 000 сағаттан асады.

Быил Қазақстанның Әскери-әуе күштері «Жауынгерлік достастық – 2019» ауқымды халықаралық оқу-жаттығуларына қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.



Соңғы жаңалықтар