Әскери-теңіз күштерінде оқу-жаттығу өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыстың қаһарлы суығында су астындағы дағдыларды жетілдіру мақсатында Әскери-теңіз күштерінде жеңіл сүңгуір дайындығы бойынша жоспарлы жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жаттығу арнаулы құрғақ гидрокостюмдермен жүргізілуде. Бұл сүңгуірлердің қыстың аязды күнінде суық су астында жұмыс істеу дағдысын дамытуға септігін тигізеді. Сүңгуірлер Каспийдің түбіне сүңгіген сәтте судағы температура +3 градус болды. Ал ашық теңізде суға сүңгитін жайлы температура +18 градусты құрайды.

Айта кетейік, ҚР Әскери-теңіз күштерінде жеңіл сүңгуір дайындығына ерекше мән беріледі. Өйткені дайындықтың дәл осы түрі - ең қиын әрі қауіпті жаттығулардың бірі.

null null

Соңғы жаңалықтар