Әскери спортшылар Римде өткен күрес турнирінде жүлдегер болды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Римде күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде еркін стильдегі әскер балуандары күміс және қола медальді қанжығаға байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды турнирге әлемнің 32 елінен 350-ден астам атлет қатысты. Оның арасында Олимпиада ойындарының, әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.

Турнир қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Дәулет Ниязбеков жеңіп алды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ОСК спорт ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нұрқожа Қайпанов қола жүлдегер атанды.

Аталған рейтингтік турнир бірнеше жыл қатарымен Біріккен күрес стильдері халықаралық федерациясының вице-президенті болған Маттео Пелликонені еске алуға орай өткізіледі.

Турнирде олимпиада лицензиясы ойнатылмайды, алайда спортшылардың рейтингісіне әсер етеді.

Нәтиже алда болатын негізгі жарыстарға іріктеу кезінде ескеріледі.



Соңғы жаңалықтар