+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әскери шығыстарды қысқарту әлемдегі шиеленісті азайтар еді - ҚР СІМ

2017 жылғы 25 сәуір 03:54
Бөлісіңіз:
Әскери шығыстарды қысқарту әлемдегі шиеленісті азайтар еді - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Әскери шығыстарды қысқартуды қолдаудын дүниежүзілік іс-қимылдар күніне орай мәлімдеме жасағады, деп хабарлайды ҚР СІМ сайты.

Стокгольм Халықаралық Бейбітшілік проблемаларын зерттеу институтынын деректеріне (SIPRI) сәйкес 2015 жылы барлық жиынтығы $ 1,7 трлн АҚШ доллары көрсеткішіне жеткен әскери шығыстарды азайту үшін елдерді ынталандыру мақсатында, алғаш рет бұл күн 2011 жылдан бастап атап өтіледі.

«Әлем өз дамуының жаңа және аумалы-төкпелі дәуіріне аяқ басты. Әлемдік ірі державалардың арасындағы сенімсіздік саясаты мен бәсекелестік үстемділігі нәтижесінде халықаралық шиеленістер мен жанжалдар өсу үстінде. Бұл өз кезегінде, ұлттық мүдделерді қорғау және ықпал ету саласын кеңейту үшін жаңа жанталаса қарулануға және күштердің барынша кең қолдануына әкеледі», - делінген мәлімдемеде.

ҚР СІМ Әскери шығыстарды қысқартуды қолдаудын дүниежүзілік іс-қимылдар күні сияқты халықаралық бастамалардың маңызы зор екендігін атап өткен.

«Тәуелсіздік алғаннан бері 25 жыл бойы Қазақстан бейбітшілікті, ынтымақтастық пен қарусыздануды дәйекті түрде қолдап келеді. Ядролық қарудың жойқын күшінің бар зардабын бастан кешірген біздің еліміз әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, Семей полигонын жапқан болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қоғамдастықты «ХХІ ғасырдағы адамзаттың негізгі мақсаты - ядролық қарусыз әлемді құруға» шақырды.

Ол өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде дауларды күш қолдану құралмен шешуді жоюға шаралар қабылдауға шақырды. Қазіргі жоғары деңгейдегі әскери шығыстарды қысқарту осы мақсатқа қол жеткізудің маңызды қадамы болар еді және бұл әскери блоктар арасындағы шиеленіс пен қауіпті бәсекелестіктің төмендеуіне көмектесер еді», - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан - әскери бюджеттерді қысқарту аштық пен қайыршылыққа қарсы күреске, сондай-ақ барынша әділ, өсіп-өркендеген және тұрақты әлем құруға арналған қаражатты ұлғайтады деген ұстанымды қолдайды. 2015 жылы халықаралық қоғамдастық қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) аясында да осындай міндеттер белгіленген.

«Тұрақты даму мақсаттары» алдындағы БҰҰ-ның «Мыңжылдық Даму Мақсаттарын» іске асыру кезеңде алынған тәжірибеге сәйкес трансформациялық өзгерістерді қосымша қаржыландырудың маңыздылығына ерекше қөңіл аударылады. Сондықтан, 2015 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін әрбір ел өз әскери бюджетінің бір пайызын құрайтын қаражат бөлуін ұсынған болатын.

«Аталған бастаманы әлі де кейбір үкіметтер қолдамағанымен, көптеген елдердің халқы әскери араласу проблеманы шешуден гөрі қиындата түсетінін айқын түсініп отыр.

Ядролық қаруды жою және барлық елдердің әскери бюджеттерінің тіптен ең аз бөлігін қаржылай аудару арқылы біз тұрақты дамуды қолдау үшін айтарлықтай қосымша ресурстарға ие болар едік. Қазақстан бұл шараның әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтып, әскери шығыстар қажеттілігін азайтуға септігін тигізеді деп нық сенеді», - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT