Әскери саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы өседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл әскери саладағы қызметшілердің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе күштері ұшқыштарының жалақысы көтерілді. Сонымен қатар, биыл әскери саладағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеріледі», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, әскери дәрігерлердің де жалақысын көтеру қарастырылып, бұл бастамаға қолдау жасалған. Осы орайда қызметкерлердің айлық табасы 30 пайыздан деңгейде өседі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сұлтан Қамалетдинов қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспар бар екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар