Әскери саладағы байланыс кешендерінің жағдайы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Байланыс департаментінің бағыт аға офицері, полковник Нұрлан Қалманов Қарулы отандық өндірістерде заманауи әскери байланыс құралдарын шығарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір байланыс сапалы болуы үшін үнемі даму жағдайына мән беріп отыру керек. Ақпарат тарату жүйесі қарқынды дамып келе жатқанын ескерсек, әскери байланыстың да заманауи талаптарға сай болғаны абзал. Сол себепбі ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери байланыстың жабдықталуы мен дамуына аса мән беріп отыр. Сондықтан байланыстың сапасы мен қауіпсіздігіне жоғары талаптар қойылған», - деді Н. Қалманов онлайн брифингі барысында.


Оның айтуынша, Қарулы күштердің Байланыс департаменті отандық қорғаныс өнеркәсібі кемекемелерімен бірлесе отырып ауқымды жұмысты атқарып жатыр.

«Ескірген әскери техникалар заманауи талаптарға сай келетін цифрлы технологиялармен алмастырылды. Қазіргі кезде Қарулы күштердің қолданысында цифрлы радиостанциялар, командалық басқару штабтық машиналары, радиорелейлік станциялар және спутниктік байланыс кешендері бар. Атап айтқанда, осы соңғы буынды әскери техника отандық компанияларда шығарылып жатыр», - деді ведомство өкілі.


Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар