Әскери полиция басқармасының бастығы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция басқармасының бастығы пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр» делінген хабарламада.
Күдікті өз кінәсін мойындап, қорғаушысымен бірге сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хат беруіне байланысты қамалған жоқ.
- Елорда дәріханаларында препараттың шекті бағасын көрсететін QR-код орнатылды
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
- Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы алғашқы студенттік квест басталды
- Сот бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады
-
Қорғаныс министрі жемқорлық фактілерін болдырмау міндетін қойды
-
Қазақстанда Президенті жанынан жаңа агенттік құрылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам