+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

«Әскери өнім» бойынша тұрғын үй өтінімдерін қабылдау басталды

2020 жылғы 24 ақпан 16:39
Бөлісіңіз:
«Әскери өнім» бойынша тұрғын үй өтінімдерін қабылдау басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери өнім» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында карантинге жабылған тұрғын үй кешеніне тегін азық-түлік жеткізе бастады Атыраудағы блокпосттар брондалған техникамен күшейтілді Қазақстанда ТЖ тәртібін қамтамасыз етуге 24 қаладан 10 мың сарбаз жұмылдырылды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, банкте қаражат жинап жүрген және тұрғын үй төлемдерін алатын 3000 қазақстандық әскерилер мен арнайы орган қызметкерлеріне СМС-хабарлама жіберілді.

2020 жылы «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру мақсатында 60 млрд теңге бөлінді. Банк әрбір клиент үшін уақыттың қымбат екендігін жақсы біледі. Осыған орай, бағдарлама бойынша займ алатын үміткерлер тізімін тұрғын үй төлемдерін алушылардың жинаған сомасына және де өтінімді беру мерзіміне сай құрды. Бұл тізімге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орташа несие сомасының - Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша 25 млн теңге, ал қалған аймақтар бойынша 15 млн теңге - 10%-49%-ын жинаған үміткерлер кіреді.

Жалпы алғанда тізімге шамамен 3 мың адам алынды. Ең алдымен 49% көлемінде қаражат жинағандар, ал одан кейін қаражат көлеміне сай ең көбінен ең төменгісіне дейінгі салымы бар үміткерлер іріктелді. Тізімнің басында тұрған азаматтар қазірдің өзінде несие алу үшін өтінім бере алады.

Әскери қызметкерлердің өз уақытын дұрыс жоспарлап, қажетті құжаттарды дайындап үлгеруі үшін, әрбір үміткерге несие өтінімін жолдау мақсатында екі ай көлемінде уақыт беріледі. Мәселен, егер өтінім беру мерзімі ретінде сәуір айы көрсетілсе, онда үміткер несие алу үшін өтінімін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 29 мамырына дейін тапсыра алады.

«Әскери өнім» бағдарламасы бойынша займ алу шарттары өзгертілмеді. Займ жаңа немесе қолданыстағы үйден пәтер алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша беріледі. Бағдарлама талаптарына сай, бастапқы жарна мөлшері 15%-ды, займ бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8%-ды, ал несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейінгі уақытты құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тұрғын үй, Әскер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT