Әскери оқу орынына түсу кезінде қандай талаптарды ескеру керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әскери жоғары оқу орындарында 20-дан астам мамандық қамтылып отыр. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, полковник Ерболат Әділбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі жоғары білім беретін оқу орындарына тоқталсақ, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бар. Осы институттарда 20-дан астам мамандық бойынша оқытылады. Осы орайда мотоатқыш, артиллерист, зениттік зымыран мамандары, ұшқыштар бар», - деді Е. Әділбаев.

Сонымен қатар, ол әскери институтқа түскісі келетін жастардың даярлығына қатысты түсінік берді.

«Жастар өз алдына мақсат қойып, психолоиялық тұрғыда, денсаулығы жағынан жақсы болуы керек. Білім жағынан да қалыс қалмай, Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуы қажет. Өйткені, біздің әскери жоғарғы оқу орындарында математика, физика пәндері де маңызды рөл атқарады. Дайындық тек емтихан басталар кезде ғана емес, алдын ала жүргізілуі шарт. Мәселен, біз өзіміз офицер боламыз деп 5-7 сыныптан бастап армандаған едік. Былайша атқанда, тынбай дайындалуы керек», - деді полковник.

Оның айтуынша, оқуға түсетіндерге тиісті жеңілдіктер қарастырылған. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға, әскери қызметшілердің балаларына, мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға жеңілдіктер бар.

«Оқу орнына түсуге келген жастардың киімі, тамағы барлығы тегін болады. Оқу орнын аяқтап, «лейтенант» шенін алғаннан кейін жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі», - деді Ерболат Әділбаев.


Соңғы жаңалықтар