20:20, 03 Сәуір 2020 | GMT +6
Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру бойынша сall-орталық іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі Call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери міндеттілерді шақыруға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық көмекті 8 (7172) 72-15-11 нөмірі арқылы ала алады.
Call-орталық жұмыс күндері сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді.