+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін

2020 жылғы 7 сәуір 17:35
Бөлісіңіз:
Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Әскери міндеттілер су тасқынымен күреске жұмылдырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажеттінің барлығы - техника да, адам да бар және олар жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Талапкер елді мекенін де қаперден шығарған жоқпыз. Талапкер де, барлық елді мекен де бақылауда тұр», - деді комитет төрағасы онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, ол арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер де қажет болған жағдайда су тасқынымен күрес жұмыстарына жұмылдырылуы мүмкін екендігін жасырмады.

«Егер мұндай қажеттілік туындайтын болса, әрине, біз олардыда жұмылдыратын боламыз. Әзірше оның қажеттілігі болмай тұр. Өзіміздің де қолымыздан келіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс органдарының бөлімшелері, Ұлттық ұлан бар», - деді Владимир Беккер.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT