+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Әскери медицинаны дамытуға арналған жаңа бағдарлама ұсынылды

2019 жылғы 3 желтоқсан 15:41
Бөлісіңіз:
Әскери медицинаны дамытуға арналған жаңа бағдарлама ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы әскери медицинаны дамыту бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық авиация базасының құрылғанына 21 жыл толды Әскери қызметшілер арнайы дайындықтан өтіп жатыр Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Бағдарлама Қазақстанның әскери медицинасының бірқатар маңызды бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, әскери-медициналық қамтамасыз етуді басқару, кадрлық ресурстар, материалдық база және ұйымдық-штаттық құрылым, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Бұл ретте қазіргі жағдай, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген.


Бас әскери-медициналық басқарма бастығы полковник Тимур Ошақбаевтың айтуынша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанға бейбіт және басқа да уақытта міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті, медициналық қамтамасыз ету мен сақтандырудың жалпы жүйесінде бәсекеге қабілетті әскери-медициналық бөлімшелер мен мекемелер құруға мүмкіндік береді.

Баяндамада айтылғандай, жоспарланып отырған басты нәтижелер – әскерлерді сапалы, заманауи медициналық мүлікпен және техникамен үздіксіз қамтамасыз ету, әскери дәрігердің мәртебесін және әскери медицинаның беделін арттыру болып табылады. Бұл шаралардың барлығы аталмыш құрылым мен медициналық қызмет жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Бағдарламаның маңызды аспектісі санаториялық ұйымдардың климатогеографиялық орналасуы бойынша орындарды бөле отырып, санаториялық-курорттық емдеуге сәйкес қызметтерді сатып алу болып табылады. Қызметті қазіргі әскери қызметшілер мен запастағы адамдар пайдалана алады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуын кеңейту шеңберінде әскери-далалық госпитальді дайындау және оны жіберу жоспарланып отыр.


Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде 21 әскери-медициналық мекеме жұмыс істейді. Атап айтқанда, орталықтар, госпитальдар, лазареттер және 131 медициналық бөлімше-медициналық роталар, пункттер, взводтар, бөлімшелер. Әскери медиктердің негізгі бөлігі запастағы офицерлерді және шет мемлекеттердің әскери оқу орындарының түлектерін шақыратын Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарынан құралады. Қосымша білім беруді ҚР ҚМ әскери медицина орталығы қамтамасыз етеді. Жыл сайын 400-ге дейін адам білім алады.

Әскери медицина жүйесін дамыту мен жетілдіру - әскердің жоғары жауынгерлік даярлығын қолдау жөніндегі шаралар кешенінде басым бағыттардың бірі және мемлекеттің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT