Әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелеріне байланысты заң жобасы Мәжілісте қаралады

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін сенаторлар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, оны Мәжіліске қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны жоюға бағытталған. Сонымен қатар, әскери қылмыстардың бірқатарын әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті ретінде қарастыруды көздейді. Құжат талаптары бойынша әскери азамат қызмет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірмейтін құқық бұзушылық жасаса әкімшілік жауапқа тартылады. Заң күшіне енсе, Қылмыстық іс жүргізу, және Қылмыстық атқару кодекстеріне, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі мен «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Әскери полиция органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар