Әскери қызметшілер шындық детекторының сынағынан өтетін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері жемқорлықпен күрестің жаңа әдісін қолға алды. Бұдан былай әскери қызметшілер шындық детекторының сынағынан өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Қорғаныс министрлігі өткен жылы екі полиграф аппаратын сатып алған. Олардың сынағынан жоғары лауазымға тағайындалатын офицерлер өтетін болады. Бір жылға жуық уақыт ішінде жүзге тарта әскеридің жемқорлыққа жақындығы бар-жоғы анықталған.

Әскери полиция басқармасының мәліметінше, олардың тек 60 пайыза ғана сыннан сүрінбеген. Мамандардың айтуынша, полиграф құрылғысын алдау мүмкін емес. Өйткені ол адамның көңіл күйіндегі өзгерістерді мүлт жібермейді. Бір қызметкерді толық тексеру шамамен екі-үш сағатқа созылады.

Бүгінде Алматыда Қорғаныс министрлігінің жылжымалы тобы жемқорлықпен күрес туралы заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар қаладағы барлық әскери қызметшілердің басын қосып, полиграф құрылғысының мүмкіндігін көрсетті.

«Қондырғыны алдау мүмкін емес. Көрсеткіштердің нақтылығы 97-98 пайыз», - дейді ҚР Қарулы Күштері әскери полициясы басқармасының полиграф маманы Жомарт Битабаров.

Соңғы жаңалықтар