Әскери қызметшілер балаларға арнап, концерт қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 28 гвардиялық панфиловшылар саябағында десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметшілері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар әскери-тарихи музейінде болды.

Балаларға музейдегі құнды материалдар мен жәдігерлер туралы Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова айтып берді.

Сонымен қатар, жиналғандарға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының алматылық филиалының тәрбиеленушілері концерт ұсынды. Балаларға арнап ән салып, би билеп, театрландырылған көрініс қойды.

« Балалар - болашақта біздің елдің мықты азаматы болу үшін оларды бақытты етуге тырысу керек. Бұл бағытта біз көп жұмыс істеп жатырмыз», - дейді ұйымдастырушылар


Соңғы жаңалықтар