Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Әскери қызметшілер Арысты минадан тазалап жатыр

2019 жылғы 25 маусым 15:23 1146
Бөлісіңіз:
Әскери қызметшілер Арысты минадан тазалап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік қызметшілері Арыс қаласын минадан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында сапында жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуде тәжірибе әскери қызметшілерден жасақталған 9 минасыздандыру тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар аумақта жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырады. Оқ-дәрілерден тазарту жұмысы елді мекендерге таяу орналасқан қоймалар мен басқа да сақтау орындарындағы жарылу қаупі бар заттардан барынша тазарту мақсатында ұйымдастырылған», - деп атап өтеді министрліктен.
null 

Ведомство мәліметінше, ең алдымен темір жолдың бойын, қару-жарақ қоймасына іргелес Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың маңын қауіпті заттардан тазарту жүргізіледі.  Бұл тұрғындар үйлеріне оралған кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен Арыс қаласының  төңірегі мен арсеналдың техникалық аумағы барлануда.
null 
null 

«Әскери полиция бөлімшелері тәуліктік шолғындауды ұйымдастырды. Шамамен 700 әскери қызметші қаланы қоршауға алған. Сонымен қатар, оқиға орнында 1 200 адамға арналған шатыр тігілген», - делінген таратылған ақпаратта.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT