Әскери қызметшілер Арыс қаласындағы жұмыстарды жалғастыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің инженерлік-саперлер бөлімшелері Арыстағы қойма аумағында тазарту, сондай-ақ жару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, апта сайынғы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қалашық пен қойма аумағын қарап, атқарылған жұмыстың нәтижелері жайында баяндамалар тыңдап және инженерлік-саперлер бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесіп жүрді.


Сапардың қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда Арыс қаласында ТЖ салдарын жою, қойманы басқа жерге ауыстыру, металл сынықтарын жинау және сұрыптау, сондай-ақ Арыс гарнизондарындағы әкімшілік аумақты қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күнделікті Қарулы Күштерде мобильді және инженерлік-саперлер тобы, тиеу-түсіру командалары, жөндеу-қалпына келтіру тобы, медициналық персонал, ветеринарлық мамандардан құралған 1500-ден астам әскери қызметшілер жұмылдырылды. Бұдан басқа, құқық қорғауды қамтамасыз ету үшін әскери полицияның қосымша жасағы, қаланың 16 секторында халықтың өтініштерімен жұмыс атқаратын және тергеу топтары құрылды.


Бүгінгі күні әскери бөлімнен тыс жерде ауданы 1250 шаршы км. астам аймақ тазартылып, әскери сүңгуірлер 30 шақырымнан астам өзен арнасын тексеріп, тазартты. 7 шақырым жол жөнделіп әскери қалашықтағы 11 тұрғын үй қалпына келтірілді. Сондай-ақ бөлімнің техникалық аумағының сыртқы қоршаулары ауыстырылды, қаланың әкімшілік – шаруашылық және техникалық аумақтарында электр қуат көзі және сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді.

Айта кету керек, барлық жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша қатаң қауіпсіздік шараларын сақтап жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар