+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Әскери қызметші Тараздағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісін асырап алды

2019 жылғы 30 желтоқсан 18:11
Бөлісіңіз:
Әскери қызметші Тараздағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісін асырап алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісі үшін биылғы жаңа жыл ерекше болды, себебі олар оны өз отбасында қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты нақты әрі айқын шешім қабылдады. Екеуі де «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады.

Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы күштерде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің нығайтуына үлесін қосуда. Қызметтестері мен командирлері оны ісінің білікті маманы, тиянақты және тәртіпті адам ретінде біледі.

«Үлгілі жане тәртіпті әскери қызметші, әскери мамандықты жақсы меңгерген. «Айбалта-2019» оқу-жаттығуында үздік механик-жүргізуші болып танылды, осы жылдың күзінде Үндістандағы «ҚазИнд-2019» оқу-жаттығуында кәсіби білімін лайықты көрсете білді. Біз оның жұбайымен бірге балалар үйінен бала асырап алу жөнінде шешім қабылдағанын білгенде таң қалдық және қолдадық» , - деп атап өтті әскери бөлім командирінің орынбасары майор Бағдат Әбдірахманов.

Бастапқыда Бауыржан мен Ботагөз үш баланы асырап алуды ойлаған. Бірақ балалармен жеке танысқан кезде бір баланың аға-інілсі мен апа-қарындасы бар екені белгілі болған.

Барлық балалардың ата-аналары бар, алайда өз міндеттерін дұрыс орындамауынан ата-ана құқығынан айрылған. Тек үшеуінің ата-анасы өз құқығынан айрылғанның мәртебесі жоқ. Заң бойынша оларды әзірге асырап алушы отбасына беруге болмайды. Бірақ Бауыржан мен Ботагөз алған ойынан қайтпайды. Олар сабырмен күтуде. Осы шешім қабылданғаннан кейін Исаевтар отбасы қазіргідей он емес, он үш бала болады.

«Жұмыстан үйге оралғанда, балалар «әке» деп алдымнан жүгіртіп шығады. Үш жасар қызым Ангелинаны кіші болғандықтан көтеріп аламын, бір ұлым бушлатты шешсе, екіншісі әскери бас киімді алады. Осылайша бәріміз тату-тәтті үйге кіреміз», - дейді Бауыржан Исаев.

Қазір Исаевтар әулеті жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда. Үйде шырша құрылып, балалар тақпақ жаттауда. Оларға ата-анасы, ата-әжесі, достары мен Аяз ата сыйлық береді. Балалар бір отбасының толыққанды бір мүшесі ретінде сезінеді. Биылғы жаңа жыл олар үшін шынымен де ерекше болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT